Сандық Қазақстан: Кен орындарындағы цифровизация
Ел экономикасын ілгерілететін негізгі факторлардың бірі – сандық технологияны дамыту. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларсыз халықтың өмір сүру сапасын арттыру мүмкін емес. Сол себепті, «Atameken Business Channel» ұсынатын «Сандық Қазақстан» деп аталатын тележобаның басты мақсаты - 2017–2020 жылдар аралығына жоспарланған «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының маңызын және оның орындалу кезеңдері туралы халықты ақпараттандыру.
Жүргізуші: Ұлан Жармұхамедов

Кен орындарындағы цифровизация
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған негізгі бағыттардың бірі - "Цифрлық кен орындары". Елімізде цифрлық кен орындары жобасы қалай жүзеге асырылып жатыр? "Цифрлық кеніш" ақпараттық жүйесінің жол картасы қалай жүзеге асырылады? Осы сауалдардың жауабы "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясының Ақпараттық технологиялар департаменті директоры Азат Игенберлиннің сұхбатында.
Жүргізуші: Ұлан Жармұхамедов.