Сандық Қазақстан: Төлем экожүйесін дамыту
Ел экономикасын ілгерілететін негізгі факторлардың бірі – сандық технологияны дамыту. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларсыз халықтың өмір сүру сапасын арттыру мүмкін емес. Сол себепті, «Atameken Business Channel» ұсынатын «Сандық Қазақстан» деп аталатын тележобаның басты мақсаты - 2017–2020 жылдар аралығына жоспарланған «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының маңызын және оның орындалу кезеңдері туралы халықты ақпараттандыру.
Жүргізуші: Ұлан Жармұхамедов

Төлем экожүйесін дамыту
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған негізгі бағыттардың бірі - төлем экожүйесін дамыту. Бүгінде цифрлық технологияларды пайдалану бойынша Бас прокуратураның белсенділік танытып, жұмыс барысына небір жаңашылдықтарды енгізіп жатқанынан хабардармыз. Төлем экожүйесін дамыту қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемін ұлғайтады, банкоматтарды біріктіру бағдарламасын құрып, төлемдерді нақты уақыт тәртібінде жүзеге асыруға көмектеседі. Бас прокуратурада қылмыстық процесс, әкімшілік іс секілді бағыттар бойынша IT жобаларды енгізу жұмысы туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары Бағлан Бекбауов және Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау Кызметі басқармасының аға прокуроры Равиль Мәжитовтың сұхбаты.
Жүргізуші: Ұлан Жармұхамедов.