SHYNY KEREK : АРЫСТАҒЫ ЖАРЫЛЫС ЕНДІ ҚАЙТАЛАНБАУЫ КЕРЕК
Күнделікті ақпарат айдынында талқыға алынған өзекті тақырыптар осы айдардың ілмегінде ойталқыға түседі. Әлеуметті толғандырған мәселелер, қызу талқыға түскен экономикалық тақырыптар және жалпы қоғамға қатысты сұрақтарды бағдарлама жүргізушісі ой елегінен өткізіп, пікірін ортаға салады.
Бағдарлама жүргізушісі: Нуриддин Бидосов

АРЫСТАҒЫ ЖАРЫЛЫС ЕНДІ ҚАЙТАЛАНБАУЫ КЕРЕК
Былтыр маусымда Арыс халқы үдере көшті. Тосын жағдай бейқам жатқан халықты орнынан қозғағанын білеміз. Айналдырған бірнеше сағатта әскери қоймада жарылған қару-жарақ бүтіндей бір елдімекеннің күнделікті тіршілігін бұзып, салдарын жоюға ел жұмылған еді. Мұндай жағдайдың алдын орау үшін не істемек керек? Сенат депутаттары қараған заң жобасында қандай сұрақ қаралды? Жеті өлшеп, бір кесетін шешім шықты ма?