SHYNY KEREK : BEK AIR АПАТТЫ БІРІНШІ БОЛЫП ЖАРИЯЛАУЫ КЕРЕК ЕДІ

Күнделікті ақпарат айдынында талқыға алынған өзекті тақырыптар осы айдардың ілмегінде ойталқыға түседі.  Әлеуметті толғандырған мәселелер, қызу талқыға түскен экономикалық тақырыптар және жалпы қоғамға қатысты сұрақтарды бағдарлама жүргізушісі ой елегінен өткізіп, пікірін ортаға салады.  


Бағдарлама жүргізушісі: Нуриддин Бидосов

https://inbusiness.kz/ru/images/programbig/19/images/jXGqgt0E.jpg

BEK AIR АПАТТЫ БІРІНШІ БОЛЫП ЖАРИЯЛАУЫ КЕРЕК ЕДІ

Апат айтып келмейді дейді! Бүгінгі Алматы әуежайы маңында болған апаттан ел қабырғасы қайысып отыр. Президент 28 желтоқсанды аза тұту күні деп жариялады! Таңғы сағат 7 ден 05 минут аса Алматы әуежайынан ұшқан «Бек Эйр» авиа рейсі апатқа ұшырады. Әуе бортында 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Кейбір деректер бойынша 12 адам, ал кейбірі 15 адамның қаза тапқаны жайлы ақпарат тарауда. Қаза болғандардың туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз! Соңғы мәліметке сүйенсек, ауруханаға жеткізілгендер ішінде 18 адамның жағдайы ауыр. Сондай-ақ 49 адам ем қабылдауда. 93 жолаушының арасында балалар да бар, 8 баланың 3-уі кішкентай сәбилер. Әуе бортында 4 шетелдік азамат болған. Бірақ, «Бек Эйрдің» сайтында ресми мәлімет тек 12.26 да жарияланды. Яғни, барлық жерде ақпарат шығып, тіпті Президент 28 желтоқсанды азалы күн деп жариялап үлгерді. Ал борттағы жолаушылар тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында шыққаннан кейін ғана компания сайтында қысқа ақпаратын жариялады. Неге "Бек Эйр" көңіл айтумен шектелмей, қандай жұмыс жүргізіп жатқанын, адамдарға қандай көмек көрсететін жайлы мәлімдемейді?

 

Прошедшие выпуски

/uploads/19/images/jXGqgt0E.jpg

30 ОТБАСЫНЫ ЗАР ИЛЕТІП, ТАЙРАҢДАП ЖҮР

/uploads/19/images/jXGqgt0E.jpg

КӘСІПОРЫН ЖАБЫЛСА, ЖҰМЫСКЕРЛЕРІ ҚАЙДА БАРАДЫ?

/uploads/19/images/jXGqgt0E.jpg

ЕКПІНДІНІҢ ХАЛҚЫН ЕКПІНДЕТКЕН НЕ?

/uploads/19/images/jXGqgt0E.jpg

ӨЗГЕГЕ ДЕ ЖЕМ БОЛҒАН, ҚАЙРАН ҚАЗАҚСТАН!

/uploads/19/images/jXGqgt0E.jpg

ӨЗГЕ ЕЛДІҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ҚАНДАЙ ФОРМА КИЕДІ?

/uploads/19/images/jXGqgt0E.jpg

БАСПАНА МЕН ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ БАҒАСЫ НЕГЕ ҚЫМБАТ?

/uploads/19/images/jXGqgt0E.jpg

АҚЫЛЫ ЖОЛДАР...

/uploads/19/images/jXGqgt0E.jpg

COVID-19: БАЛАЛАРҒА ВАКЦИНА САЛУДЫ БАСТАҒАН ЕЛДЕР

×