SHYNY KEREK : ИРАН АМЕРИКА ӘСКЕРІНІҢ ӨҢІРДЕН ШЫҒУЫН ТАЛАП ЕТУДЕ

Күнделікті ақпарат айдынында талқыға алынған өзекті тақырыптар осы айдардың ілмегінде ойталқыға түседі.  Әлеуметті толғандырған мәселелер, қызу талқыға түскен экономикалық тақырыптар және жалпы қоғамға қатысты сұрақтарды бағдарлама жүргізушісі ой елегінен өткізіп, пікірін ортаға салады.  


Бағдарлама жүргізушісі: Нуриддин Бидосов

https://inbusiness.kz/ru/images/programbig/19/images/jXGqgt0E.jpg

ИРАН АМЕРИКА ӘСКЕРІНІҢ ӨҢІРДЕН ШЫҒУЫН ТАЛАП ЕТУДЕ

Парсы шығанағындағы жағдай ушықты. Украинаның ұшағы Тегеранда апатқа ұшырады. Иран АҚШ-тың әскери нысандарына зымыраннан оқ атты. Иранның жоғары басшысы Али Хаменей бүгін мемлекеттік телеарнада тікелей эфирде жасаған мәлімдемесінде «Ракеталық шабуыл бұл АҚШ-тың бетінен ұрған шапалақ» деп теңеді. Парсы шығанағынан жеткен тағы да бір шұғыл жаңалық - Украинаның халықаралық әуе кемесінің Тегеран маңында апатқа ұшырағаны. Әуе кемесінде шамамен 168 жолаушы, 9 экипаж мүшесі болған. Аман қалғандар жоқ. Басты болжам «техникалық ақаулық» деп айтылуда. Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Иранның тұрақты өкілі Маджид Тахт-Раванчи БҰҰ Бас хатшысына арнайы хат жолдады. Бұл хатта АҚШ-тың жасап отырған әрекеттерін Иран қатты сынға алып, Таяу Шығыс өңірінен АҚШ әскерінің толықтай шығуын талап етуде. Ирандықтар әлеуметтік желі арқылы кек алатындары жайлы фото таратуда.

Прошедшие выпуски

/uploads/19/images/jXGqgt0E.jpg

ӨЗГЕГЕ ДЕ ЖЕМ БОЛҒАН, ҚАЙРАН ҚАЗАҚСТАН!

/uploads/19/images/jXGqgt0E.jpg

ӨЗГЕ ЕЛДІҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ҚАНДАЙ ФОРМА КИЕДІ?

/uploads/19/images/jXGqgt0E.jpg

БАСПАНА МЕН ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ БАҒАСЫ НЕГЕ ҚЫМБАТ?

/uploads/19/images/jXGqgt0E.jpg

АҚЫЛЫ ЖОЛДАР...

/uploads/19/images/jXGqgt0E.jpg

COVID-19: БАЛАЛАРҒА ВАКЦИНА САЛУДЫ БАСТАҒАН ЕЛДЕР

/uploads/19/images/jXGqgt0E.jpg

"РУССКИЙ МИР" ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

/uploads/19/images/jXGqgt0E.jpg

БАТЫСТЫҢ САНКЦИЯЛАРЫНА ЕАЭО ОРТАҚ ЖАУАП БЕРУІ ТИІС ПЕ?

/uploads/19/images/jXGqgt0E.jpg

26 МЛН ТЕҢГЕГЕ ШЕТЕЛДЕН БЛОГЕР ШАҚЫРУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҰТЫМДЫ?

×