SHYNY KEREK : КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІ ЖЕКЕ КУӘЛІК ҰСЫНСА ЖЕТКІЛІКТІ
Күнделікті ақпарат айдынында талқыға алынған өзекті тақырыптар осы айдардың ілмегінде ойталқыға түседі. Әлеуметті толғандырған мәселелер, қызу талқыға түскен экономикалық тақырыптар және жалпы қоғамға қатысты сұрақтарды бағдарлама жүргізушісі ой елегінен өткізіп, пікірін ортаға салады.
Бағдарлама жүргізушісі: Нуриддин Бидосов

КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІ ЖЕКЕ КУӘЛІК ҰСЫНСА ЖЕТКІЛІКТІ
Көлік жүргізу куәлігін ұмытып кетсеңіз, ол құқық бұзушылық болып саналмайды. Құжаттыңыз қалтаңызда болмағаны үшін айыппұл салынбайды. Полиция тоқтатып жатса, жеке куәлік ұсынсаңыз жеткілікті.
Бұл ішкі істер министрлігінің жаңа ұсынысы. Жаңа үрдіс қашан іске қосылады?