SHYNY KEREK : КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫНА ЖӘРДЕМАҚЫ ҚАЛАЙ ТӨЛЕНЕДІ?

Күнделікті ақпарат айдынында талқыға алынған өзекті тақырыптар осы айдардың ілмегінде ойталқыға түседі.  Әлеуметті толғандырған мәселелер, қызу талқыға түскен экономикалық тақырыптар және жалпы қоғамға қатысты сұрақтарды бағдарлама жүргізушісі ой елегінен өткізіп, пікірін ортаға салады.  


Бағдарлама жүргізушісі: Нуриддин Бидосов

https://inbusiness.kz/ru/images/programbig/19/images/jXGqgt0E.jpg

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫНА ЖӘРДЕМАҚЫ ҚАЛАЙ ТӨЛЕНЕДІ?

Апта соңында көптің көкейінде жүрген тақырыпты алып, көпбалалы отбасыларға жаңа жылдан бастап төленетін жәрдемақы жайында мәлімет беруді жөн санадық. Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, ең алдымен тізімді анықтау керек. Сол жерде келер жылдың қаңтарынан бастап төленетін жәрдемақы төлеу әдісі толық түсіндіріледі. Сонымен жәрдемақы қалай төленеді? Жәрдемақының бірінші түрі -төрт және одан көп баласы бар отбасыларға арнайы жәрдемақы. Бұл барлығына міндетті түрде төленеді. Назарыңызға сала өтейік, бұл табыс көлеміне қарамай төленетін арнайы жәрдемақы! Ал екінші көмек түрі – ол атаулы әлеуметтік көмек деп аталады. Бұл аз қамтылған азаматтарға төленетін көмек түрі. Ол атаулы әлеуметтік көмек күнкөріс минимумына шаққандағы табысына қарай анықталады. Яғни табысы -- отбасындағы әр адам басына шаққанда күнкөріс минимумының 70 пайызынан төмен болып жатса, онда ол отбасы атаулы әлеуметтік көмек алатындар санатына жатады. Үшінші көмек түрі – кепілдендірілген әлеуметтік пакет. Бұл аз қамтылған отбасыларға берілетін көмек түрі. Сондай-ақ отбасында мүмкіндігі шектеулі 16 жасқа дейінгі балаларға – 42 500, ал 16 жастан 18 жасқа дейін – 35 мың теңгеден 57 мың теңге аралығында жәрдемақы, ал 18 жастан асқаннан кейін қамқоршыға не ата-анасына 41 500 теңге мөлшерінде жәрдемақы қарастырылған.

 

Прошедшие выпуски

/uploads/19/images/jXGqgt0E.jpg

Астық экспортымыз кеміп қалды

/uploads/19/images/jXGqgt0E.jpg

Оңай олжаны ойлап барынан айырылғандар

/uploads/19/images/jXGqgt0E.jpg

СОҒЫСҚҰМАР ПИҒЫЛДАН АДАМЗАТ АРЫЛМАЙ ОТЫР

/uploads/19/images/jXGqgt0E.jpg

"СБЕР" ЖАЛҒЫЗ АМАЛ МА?

/uploads/19/images/jXGqgt0E.jpg

БІЗ НЕ ДЕЙМІЗ, КӨРШІ НЕ ДЕЙДІ?

/uploads/19/images/jXGqgt0E.jpg

МАҢҒЫСТАУ ЖАУЫНДЫ ҚОЛДАН ЖАУДЫРМАҚ

/uploads/19/images/jXGqgt0E.jpg

Ауғанстандағы қазақтың санын нақтылау қиын

/uploads/19/images/jXGqgt0E.jpg

Әлем суға зәру

×