SHYNY KEREK : ТОҚАЕВ: БІЛІМ САПАСЫ. ОҚУ ГРАНТЫ. ШӘКІРТАҚЫ
Күнделікті ақпарат айдынында талқыға алынған өзекті тақырыптар осы айдардың ілмегінде ойталқыға түседі. Әлеуметті толғандырған мәселелер, қызу талқыға түскен экономикалық тақырыптар және жалпы қоғамға қатысты сұрақтарды бағдарлама жүргізушісі ой елегінен өткізіп, пікірін ортаға салады.
Бағдарлама жүргізушісі: Нуриддин Бидосов

ТОҚАЕВ: БІЛІМ САПАСЫ. ОҚУ ГРАНТЫ. ШӘКІРТАҚЫ
Бүгін маңызды мәселелер Қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында талқыланды. Әлеуметтің қамын қаузаған бірқатар мәселеге Президент тапсырмасын берді. Білім сапасын арттыру, оқу гранттарын жағдайы төмен отбасындағы балаларға қарастыруға ұсыныс берді. Ауыл мен қала мектептерінің арасындағы алшақтықты жоюды тапсырды. Оқулық сапасын арттырып, шикі әзірленген оқулық үшін жауапкершілік тағайындау керектігін атады. Оңды-солды диплом тарататын оқу орындарын жабу қолға алынып, тез арада бұл мәселені шешуді тапсырды. Педагогика мамандығы студенттерінің шәкіртақысын арттырып, оқытушы жалақысын көтеру жайында ұсыныс жасалды. Білім саласының басқа да түйіткілі жайында оң пікірлер айтылды.