SHYNY KEREK : ТОҚАЕВ: ТАБЫС САЛЫҒЫ. БАСПАНА. ЖҰМЫС ОРНЫ
Күнделікті ақпарат айдынында талқыға алынған өзекті тақырыптар осы айдардың ілмегінде ойталқыға түседі. Әлеуметті толғандырған мәселелер, қызу талқыға түскен экономикалық тақырыптар және жалпы қоғамға қатысты сұрақтарды бағдарлама жүргізушісі ой елегінен өткізіп, пікірін ортаға салады.
Бағдарлама жүргізушісі: Нуриддин Бидосов

ТОҚАЕВ: ТАБЫС САЛЫҒЫ. БАСПАНА. ЖҰМЫС ОРНЫ
Президент Тоқаев төтенше жағдай мерзімін тоқтатты. Комиссияның қорытынды отырысында Үкіметке бірқатар тапсырма берді. Жұмыс орындарын ашу, бизнеске қолдау көрсету, экономиканы көтеру басты міндеттер. Әлеуметке маңызды жаңа ұсыныстар да бар. Баспана мәселесін шешу үшін жаңа бағдарлама ұсынды. Аз айлық алатын азаматтардың табысына салынатын салықты азайтуды, ал табысы көптерге арттыру жайында тапсырма берді. Жұмыссыз қалған азаматтардың еңбек биржасына тіркелуі мен оларға жәрдемақы төлеуді жеңілдетуді тапсырды.