СОЛ ЖАҒАЛАУ ток-шоуы: ХАЛЫҚ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАШАН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ?
Ел мүддесіне қатысты әр шешім Елорданың сол жағалауында жүзеге асады! Ал ол шешімдерге ықпал ету, халық датын жеткізу, не үкімет тобының дұрыс жұмысын сараптап, бұқараға ұсыну – "Сол жағалау" ток-шоуының мақсаты. Бағдарламада ақпараттық ағымдағы әлеуметтік, экономикалық маңызды мәселелрді жан-жақты талқыланып, түсіндіріліп, себеп-салдарын, жауапкершілік тарапы анықталып, тараптардың ой-пікіріне баға беріледі!
Жүргізуші: Дамир Аспан

ХАЛЫҚ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАШАН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ?
АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ДЕҢГЕЙІ ҚАЙ ӨҢІРЛЕРДЕ ТӨМЕН?
САПАЛЫ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІН ҚАЛАЙ ШЕШУГЕ БОЛАДЫ?
2025 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ САПАЛЫ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҚ ШЕШІЛЕДІ
Қазақстан су тапшылығы бар мемлекеттер қатарында. Тәуелсіздік жылдарында мәселені шешуге 790 млрд теңге бөлінсе де, түйіні тарқамаған сынды. Проблеманың бары жақында Үкімет сағатында айтылды. Депутаттар салаға бақылауды күшейтпесе жағдай ушығуы мүмкін екенін де ескертті. Дабыл қағуға негіз бар ма? Бүгінгі бағдарламада осы сауалға жауап іздейміз. Ол үшін сала мамандарын байланысқа қостық.
Гүлсім Сейтқасымова - ҚР ИИДМ Комитетінің Сумен жабдықтау және су бұру басқармасының басшысы
Анас Баққожаев - Ауыл шаруашылығы саласының сарапшысы, «Іскерлікке демеу» қоғамдық қорының жетекшісі
Анар Тілеулесова - Инженер-гидрогеолог