Аймақтарда Наурыз мерекесі кеңінен аталып өтілуде

Жылдың басы саналатын Наурыз мерекесі елімізде әлі де тойланып жатыр. Дәл осы мереке ұлттық салт-дәстүрлерімізді паш етіп, ел арасында дәріптей түседі. Осындай, маңызды мерекені шахтерлер қаласы саналатын Сатпаев тұрғындары да жоғары деңгейде атап өтті. Қаланың орталық алаңында киіз үйлер тігіліп, өңірдегі шығармашылық ұжымдардың қойылымдары көрсетілді. Шараның өз деңгейінде өтуіне атсалысқан Қазақмыс корпорациясы мереке орай өз араларында үздік ұжымдар мен кенішілері анықтап, түрлі сертификаттар мен ынталандыру сыйлықтарын табыстады.

Спикер: «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС Тау-кен өндірісі кешенінің бас директоры - Талғат Шайқыбеков.

Другие выпуски телепроекта