5 млрд теңгені қалай тапқанын дәлелдей алмаған қазақстандық байлығын мемлекетке өткізді

590

Астанада 5 млрд теңгені қалай тапқанын дәлелдей алмаған тұрғын байлығын мемлекетке өткізді.  

5 млрд теңгені қалай тапқанын дәлелдей алмаған қазақстандық байлығын мемлекетке өткізді Фото: istockphoto.com

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жалпы, қаржылық тергеу жүргізу кезінде күдіктілердің туыстарына, сенімді адамдарға және жиі номиналды меншік иелері ретінде пайдаланылатын басқа тұлғаларға рәсімделген активтер тексеріледі. Әдетте, олар мүлік пен оны сатып алуға жұмсалған қаражаттың заңды шығу тегін дәлелдей алмайды, ал олардың ресми табысы активтердің құнынан едәуір төмен", – деді Антикордың ресми өкілі.

Данияр Бигайдаров елордада тіркелген жағдайға тоқталды.

"Мысалы, Активтерді қайтару комитетімен бірлесіп жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен мемлекет пайдасына 5 млрд теңгеден астам қаржы, зергерлік бұйымдар және қымбат мүліктер қайтарылды.

Жүргізілген тергеу іс-шаралары мен жиналған материалдарды талдау барысында бұл активтердің сатып алыну көздерінің заңдылығына негізді күмән анықталды. Сондай-ақ олардың құны заңды табыс көлеміне немесе өзге де заңды қаржы көздеріне сәйкес келмейтіні анықталды",  деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу