АҚШ сайлауында дауыс беру ережелері қатаңдатылуы мүмкін

170

Тиісті құжат Ақ үй сайтында жарияланды.

АҚШ сайлауында дауыс беру ережелері қатаңдатылуы мүмкін Фото: РИА Новости

АҚШ президенті Дональд Трамп елде дауыс беру ережелерін күшейтетін жарлыққа қол қойды. Тиісті ақпарат Ақ үйдің ресми сайтына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ға сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, енді сайлаушылардың азаматтығын тексеруді бақылау күшейтіліп, шетелдіктердің АҚШ сайлауына араласуына тыйым салынады.

Ақ үй басшысы бірнеше федералды ведомстволарға сайлаушыларды тіркеу, пошта арқылы дауыс беру және сайлауды бақылауды қатаң бақылауға алу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, Жарлықта АҚШ азаматтығын растауға қатысты қатаң талаптар мен сайлау нәтижелерін бұрмалауға қарсы күресті күшейту шаралары қарастырылған.

dpa агенттігінің жазуынша, АҚШ президенті штаттарды сайлау заңдарын өзгертуге тікелей мәжбүрлей алмайды. Сондықтан да Дональд Трамп оларға қаржылық тұрғыдан қысым көрсеткісі келеді.

Құқық қорғаушылар Трампты халықтың белгілі бір топтары үшін дауыс беруге қол жеткізуді әдейі қиындатты деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу