Трамп TikTok үшін баж салығын төмендетуге дайын тұр

Мұндай мәлімдемені АҚШ президенті кеше жасады. 

Трамп TikTok үшін баж салығын төмендетуге дайын тұр Фото: BBC

Трамп TikTok-ты сату туралы келісім үшін Қытайға қарсы енгізілген қосымша баж салығын жеңілдетуге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Негізгі талап бойынша ByteDance компаниясы TikTok-ты 5 сәуірге дейін қытайлық емес сатып алушыға өткізуі шарт. Егер бұл шарт орындалмаса, "ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін" деген айыппен платформаға тыйым салынады. 

Бұл тыйым 2024 жылы қабылданған шешімнен соң, осы жылдың қаңтар айында күшіне енуі тиіс еді. 
Трамп журналистерге TikTok-қа қатысты келісімге қол жетпесе, бұл мерзімді кейінге шегеруге дайын екенін айтты. Бірақ TikTok бұл мәлімдемеге қатысты әлі пікір білдірмеді. 

Былтыр қабылданған нормативтік құжатқа сәйкес, ByteDance 2025 жылдың 19 қаңтарына дейін TikTok-тан бас тартуға тиіс болатын. АҚШ Жоғарғы сотының бұл талапты орындау туралы үкімі шыққан соң, АҚШ-та TikTok жұмысын уақытша тоқтатты. Десе де, Трамп билікке оралған соң, платформа қайта жұмысын жалғастырды. 

Трамп президент болғаннан кейін жарлыққа қол қойып, тиісті талаптың орындалу мерзімін 5 сәуірге дейін кері шегерген. Ал өткен айда ол келісімге қол жеткізу үшін бұл мерзімді одан әрі де ұзартуы мүмкін екенін ескертті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу