Димаш Құдайберген жанкүйерлері асыға күткен жаңалығын айтты

1247

Әнші Димаш Құдайберген 26 мамырда туған күніне орай фан-кездесу өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Димаш Құдайберген жанкүйерлері асыға күткен жаңалығын айтты Фото: x.com/dimash_usa

Кездесу Almaty Arena стадионында "D and Dears" деген атпен ұйымдастырылады.

Ол "Stranger" концертінің кинотеатрларға шығуына орайластырылмақ.

"Менің шығармашылығыма арналған шоуды, қазақстандық әртістердің қатысуымен, әртүрлі сұрақтарға жауаптарыңызды алып, жаңа әндердің премьералары мен бейнебаяндарын да қатар тамашалай аласыздар", – деп жазды әртіс әлеуметтік желіде.

Оның айтуынша 27 мамырдан бастап Астанада өткен Stranger шоуы 5.1 көлемді дыбыспен және қатысу эффектісімен үлкен экрандарда елімізде алғаш рет кинотеатрларда көрсетіледі.

Келесі аптадан бастап фан-кездесу билеттері Ticketon сайтына шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу