Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 505-512 теңгеден саудаланып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ұлттық банктің 6 сәуірге ұсынған ресми бағамы – бір долларға 504,34 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,97 теңге. Еуро – 556,34.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 510,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 507,7 теңге. Еуро 558 – 565 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 512 теңге, сатып алу құны – 505 теңге. Еуро 555 теңгеден сатып алынып, 564 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,86-6,10 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 4 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,79 теңгеге төмендеп, 504,34 теңге болған.