Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 519-526 теңгеден саудаланып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 523 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 521 теңге. Еуро 592-597 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 526 теңге, сатып алу құны – 519 теңге. Еуро 589 теңгеден сатып алынып, 596 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,30 - 6,45 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 18 сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,28 теңгеге қымбаттап, 521,90 теңге болған.