Павлодардағы ауыр жол апаты 4 адамның өмірін қиды

477

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Павлодардағы ауыр жол апаты 4 адамның өмірін қиды Фото: yandex.kz

Павлодар облысында ауыр жол апаты салдарынан 4 адам қаза тапты. Оның ішінде біреуі жас бала, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Облыстық полиция департаментінің дерегінше, соқтығысқан көліктердің бірі қарсы бағытқа шығып кеткен. Қайғылы оқиға 19 сәуірде Баянауыл ауданы Бірлік ауылының маңындағы "Қалқаман – Керней" автожолында болған.

– Апат салдарынан екі жүргізуші де, екі жолаушы да, оның ішінде жас бала да сол жерде қаза болды, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, көлікте болған тағы бір бала ауруханаға жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу