Сонымен қатар, Ердоған әскери жойғыш ұшақтарды әзірлейтін әрі өндіретін F-35 бағдарламасына қайта қосылғысы келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Еске салайық, бұл санкциялар 2019 жылы Түркияның ресейлік С-400 әуе қорғаныс жүйелерін сатып алуына байланысты енгізілген еді. Соның салдарынан Түркия F-35 жойғыш ұшақ бағдарламасынан шығарылды.
Ердоған АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесу барысында Вашингтонның Түркия жайында, яғни елдің ұлттық қауіпсіздік мүдделерін ескеретін жаңа көзқарас қалыптастырғанына үмітін білдірді.
Осылайша, Режеп Тайып Ердоған АҚШ-ты қорғаныс саласындағы кейбір сатып алуларға кедергі келтіретін санкцияларды алып тастауға шақырып отыр.
Ердоған Түркияның F-16 ұшақтарын жаңарту жобасы арқылы жаңа бетбұрыс жасағанын айтып, осы саладағы экспорттық шектеулердің алынып тасталуын күтетінін жеткізді.