АҚШ-тың Колумбия округінің соты 1798 жылғы заңға сәйкес елден мигранттарды жаппай депортациялауды тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Politico-ға сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, 5 венесуэлалық мигрант сотқа жүгінген. Дональд Трамп 1798 жылғы "Шетелдік жаулар туралы" заңды қолдана отырып, Венесуэланың Tren de Aragua бандасының ықтимал мүшелерін елден шығаруды жеделдетті. Америка тарихында бұл заң үш рет қана қолданылған.
Ақ үй басшысының сөзінше, ел адам ұрлаумен, бопсалаумен, ұйымдасқан қылмыспен айналысатын қылмыстық ұйымның "шабуылына" тап болған.
АҚШ президентінің жарлығына сәйкес, қылмыстық ұйымның мүшелері болып саналатын, тұрғылықты мәртебесі жоқ 14 жастан асқан барлық Венесуэла азаматы ұсталып, шетелдік жау ретінде елден шығарылуы тиіс.
Федералды судья Джеймс Боасберг Трамптың осы шешіміне сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін депортацияларды 14 күнге бұғаттады. Оның сөзінше, Трамп негізге алған мигранттарды елден жаппай шығаруға жіберуге негіз болмайды.
1798 жылғы заң АҚШ президентіне кез келген шетелдікті сотсыз депортациялауға, елдегі азаматты жау деп тануға және Конгресс пен Үкіметке жала жапқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту құқығын береді.