Қазақстанда Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық белсенді түрде жүріп жатыр

556

Бұл тарихи шара елімізде үлкен мәнге ие болып, ерекше дайындықты талап етуде. 

Қазақстанда Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық белсенді түрде жүріп жатыр Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі әскери қызметкерлердің дайындық барысы туралы түсірілген видеоны жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

2025 жылғы 4 сәуірдегі мәлімет бойынша, дала лагерінде негізгі дайындық кезеңдері аяқталған. 203 тұрғын үй шатырлары, 11 шаруашылық тірек пункті, тұрмыстық қызмет көрсету үшін 12 шатыр, жеті дала монша кешені, дала ауруханасы, көлік паркі мен техникаларды жөндеу-қалпына келтіру пункттері орнатылған.

Парадқа қатысушылардың көпшілігі қазірдің өзінде елордаға келіп, барлық бөлімшелер біріккен күйде қарқынды жаттығуларға кірісті.

Бұл жылы шеруге 24 парадтық есептоп қатысады. Қатысушылар саны 4 мыңнан асады, оның ішінде 200-ден астам әскери қызметші қыз-келіншектер бар. Механикаландырылған лекте 300-ден астам жауынгерлік және арнайы техника бірлігі сап түзеп өтетін болады. Шеруде тарихи кезеңдерден алынған техника үлгілері де көрсетіледі. Әуе шеруіне 66 түрлі ұшу аппараты қатысады.

Қорғаныс министрлігі: "Парадқа дайындық қарқынды жүріп жатыр. Бұл оқиға еліміздің әскери қуаты мен күшін көрсететін маңызды шара болмақ", – деп мәлімдеді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жеңіс мерекесін ерекше атап өтетінін, оның мемлекеттік күн тәртібінде маңызды орын алатынын 3 қаңтарда "Ana tili" газетіне берген сұхбатында атап өткен болатын.

Президенттің айтуынша, Астанада әскери парад өтетіні белгілі болды. Сонымен қатар, 7 мамырда Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру өтетіні, оған 4,5 мың адам қатысатыны хабарланған.

Айта кету керек, Қазақстанда соңғы әскери шерулер 2020 жылдан бері өткізілмеген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу