Келер жылы педагогтерге қатысты өте қажет әдістеме қолданысқа енеді

Мұны Сенат депутаттарының сауалына үн қатқан Премьер-министр Олжас Бектенов айтты.  

Келер жылы педагогтерге қатысты өте қажет әдістеме қолданысқа енеді Фото: informburo.kz

Оның сөзінше, бір жылдан соң педагог кадрлар қажеттігін болжау әдістемесі қолданысқа енгізілмек, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Үкімет басшысы мұндай қадам өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып жасалатынын, Еңбек ресурстарын болжау ұлттық жүйесі аясында жүзеге асырылатынын жеткізді. 

– Қазір Оқу-ағарту министрлігі Ғылым және жоғары білім, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерімен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, педагог кадрлар қажеттілігін болжау әдістемесі жобасын әзірлеп жатыр. Бұл әдістеме білім беру жүйесін оқушыларға сапалы білім мен тәлім-тәрбие беру міндетін орындауға қажетті педагог кадрлармен қамтамасыз ету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Аталған әдістемені 2026 жылы қолдану жоспарланып отыр, – деді Олжас Бектенов.

Осыған дейін директорлар мен педагогтер қызметін бағалауға арналған рейтинг түзілетіні туралы жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу