Педагог "еңбегімді ешкім елемеді" демейтін бастама қолға алынғалы жатыр

Бұл процесс ашық әрі айқын түрде жүзеге асады.  

Педагог "еңбегімді ешкім елемеді" демейтін бастама қолға алынғалы жатыр Фото: Алматы әкімдігі

Рейтинг арқылы әр аймақтағы үздік педагогтердің реестрін қалыптастыру болжанып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, ҚР Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтерінің қызметін бағалауға арналған рейтинг жасауды қолға алмақ.

Платформаны жасау және дамыту арқылы аймақтық деңгейде педагог мамандарға деген қажеттілікті талдау, болжау үшін жасанды интеллект енгізу жоспарда бар.

Жобаны жасаушылар "ашық әрі айқын критерийлер арқылы үздік директорлардың, педагогтердің реестрін қалыптастыратынына сенімді. Әлбетте, аталған қадам ұстаздар қауымының білімі мен тәжірибесін көрсетуге, дамытуға өз ықпалын жасайды.

Ерекше айта кетерлік жайт, платформа педагогтердің сандық және сапалық құрамына цифрлық түрде мониторинг жүргізе алады, біліктілік санаттарын беру рәсімін қатаң бақылайды, сонымен қатар мұғалімдердің мансаптық өсуінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік сыйлайды.

Осыған дейін Қазақстанның орта білім беру ұйымдарында жаңа лауазым пайда болғанын сүйіншілеген едік. 

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі "бұл бастама оқушыларға мамандық таңдауда ерте бағыт-бағдар береді" деп сендіріп отыр.

Сонымен қатар, оқушылар, ата-аналар, педагогтер, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға да бағытталғанын мәлім етті.

Педагог-кәсіптік бағдар берушінің негізгі міндеттері:

  • Оқушыларға мамандық пен білім бағытын таңдауда қолдау көрсету;
  • Жеке және топтық кәсіби кеңес беру жұмыстарын жүргізу;
  • Кәсіптік бағдар беруге арналған іс-шараларды ұйымдастыру;
  • Жұмыспен қамту орталықтарымен, колледждермен және кәсіпорындармен байланыс орнату;
  • Оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен заманауи үрдістер туралы ақпарат беру.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу