Материалдарды пайдалану туралы келісім

Осы келісім сайттың http://www.inbusiness.kz/ (одан әрі – Сайт) материалдары мен сервистерін пайдаланудың шарты мен ережесін белгілейді.

1. Сайтты пайдаланудың жалпы шарты.

1.1. Сайттың әкімшісі «Inbusiness.kz» (одан әрі – Әкімші) Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады.

1.2. Сайтқа енген кез келген адам Сайт пайдаланушысы (одан әрі – Пайдаланушы) бола алады.

1.3. Пайдаланушының Сайтты пайдалануы оны осы келісімнің төменде келтірілген барлық шартын қабылдап, сақтауға міндеттейді.

1.4. Осы келісімді Әкімші кез келген уақытта қандай да бір арнайы хабарлама жасамай-ақ толықтай немесе жартылай өзгерте алады. Келісімнің жаңа редакциясы Сайтта жарияланған кезден бастап күшіне енеді.

1.5. Сайтта жарияланатын барлық жаңалық хабарлама, сараптамалық материал, мамандардың пікірі берілген мәтін, сурет, иллюстрация, видеосюжет, аудиожазылым және басқа материалдар төменде келтірілген мәтінді оқуға ыңғайлы болу үшін Материал (одан әрі – Материал) деп аталады.

2. Сайтта орналастырылған материалдарды пайдалану шарты.

2.1. Ерекше ескертілген жағдайлардан басқа Сайтта жарияланған материалдардың авторлық құқығы Әкімшіге тиесілі және қазақстандық және халықаралық авторлық және сабақтас құқықтар заңнамасымен қорғалған.

2.2. Сурет, видео- және аудио материалдар, иллюстрациялар, оның ішінде инфрографиканы көшіріп алып, Сайт логотипін сақтай отырып басқа кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында (оның ішінде интернет-ресурстарда) жариялауға болды. Пайдаланылған материалдың соңында тікелей «©inbusiness.kz» белгісі болу керек, ал егер автордың аты мен тегі көрсетілген болса –«©аты, тегі» белгісі тұру керек. Сайттың сурет, видео- және аудио материалдарын, иллюстрацияларын, оның ішінде инфрографиканы редакциялауға тыйым салынады.

2.3. Сайтта орналасқан авторлық бағаннан басқа мәтіндік материал кез келген бұқаралық ақпарат құралында, сонымен бірге интернет-ресурстарда кем дегенде 30% көлеміне  inbusiness.kz ақпараттық порталына міндетті сілтеме жасай отырып көшіріп, қайта басып және ретрансляция жасауға болады. Ал интернет-ресурстар үшін «inbusiness.kz хабарлайды» деген тұжырымдамамен Материалға белсенді сілтеме жасалуы тиіс. Сілтеме бірінші азат жолда тұруы керек.

2.4. Белгі қойылған (эксклюзив) кез келген материалды кез келген ресурстарда түпнұсқа түрінде болсын, үзінді түрінде болсын қайта басуға немесе ретрансляциялауға, қайта көрсетуге, көшіруге және/немесе әлдебір нұсқада таратуға тыйым салынады. Жоғарыда аталған материалдарды әлдебір нұсқада пайдалануға құқықты Сайт Әкімшілігінің рұқсатымен ғана алуға болады.

2.5. Алғашқы дереккөзі Сайт болып табылмайтын материалдарды пайдалану алғашқы дереккөздің ережелеріне сәйкес реттеледі.

2.6. Сайт Әкімшілігі өз материалдарын кез келген уақытта және себебін түсіндірмей қайта басуға және ретрансляциялауға құқылы, сондай-ақ бір немесе бірнеше пайдаланушыға өз материалдарын кез келген түрде пайдалануға тыйым сала алады.

2.7. Аталған Сайтта жарияланған Әкімшілік серіктестерінің ақпараттық агенттіктерінің материалдары сайт иеленушісіне жариялау құқығымен ғана беріледі; аталған агенттіктердің жазбаша рұқсатынсыз оларды кез келген ресурстарда, оның ішінде интернет-сайттарда қайта басуға немесе ретрансляциялауға, қайта көрсетуге, көшіруге және/немесе әлдебір нұсқада таратуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

2.8. Аталған агенттіктердің Материалдарын пайдалану ниеті болса, Пайдаланушы тікелей ақпараттық агенттіктерге жүгінуге тиіс.

3. Пайдаланушының Сайтта материалдарды орналастыру (пікірін) шарты.

3.1. Сайтқа шыққан Материалдың жанында «Пікір» деген орын болса, онда Пайдаланушы барлық Материалға пікірін жаза алады. Жазылған пікір Пайдаланушының Материалда берілген ақпарға қатысты субъективті ойын білдіреді.

3.2. Пайдаланушылардың сайтта жазған пікірлері немесе басқа да жазбалары Қазақстан Республикасының заң талаптарына және жалпыға бірдей қабылданған мораль мен адамгершілік нормаларына қайшы келмеуі керек.

3.3. Материалға берілген Пайдаланушылардың пікірі Әкімшінің пікірі болып саналмайды, сондай-ақ Әкімшінің пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін.

3.4. Сайт Әкімшісі кез келген уақытта хабарлама жасамай немесе себебін түсіндірместен, Пайдаланушылардың кез келген Материалға жазған пікірін өшіре алады немесе пікірін жариялаудан бас тарта алады.

3.5. Сайт Әкімшісі пайдаланушылардың Материалға жазған пікіріне және оның заң талаптарына сай болуы үшін жауап бермейді

4. Басқа шарттар

4.1. Осы Келісімнен туындайтын немесе осыған қатысты барлық даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешілетін болады.

4.2. Сайттың веб-парақшалары басқа интернет-ресурстарға сілтеме жасауы мүмкін. Пайдаланушы мұндай сілтемелерді қолданғанда қауіп бар екенін біледі. Пайдаланушы Сайт Әкімшісі бұл ресурстардың қолжетімділігі және олардың контенті, сондай-ақ мұндай ресурстарға кіру және оларды пайдалану мен оның салдары үшін жауап бермейтінімен келіседі.

4.3. Келісімде Пайдаланушы мен Сайт Әкімшісі арасында агенттік қарым-қатынастар, серіктестік қатынастар, бірлесе жұмыс істеу қатынастары, жеке жалдау қатынастары, немесе Келісімде тікелей қараластырылмаған қандай да бір қатынастар орнату қарастырылмайды.

4.4. Пайдаланушылардың біреуі Келісім ережесін бұзған жағдайда Сайт Әкімшісі тарапынан әрекеттің болмауы Сайт Әкімшісінің өз мүддесі мен сайт материалдарының авторлық құқығын кейін заңнамаға сәйкес қорғауға әрекет ету құқығын алып тастамайды.  

Ізгі ниетпен, Сайт Әкімшісі!