Мансап

Біз туралы / Не істеп жатырмыз?

МЕДИАХОЛДИНГ «ATAMEKЕN BUSINESS» – бизнес жайлы әрі бизнеске арналған бірегей БАҚ. Интернет, кеңжолақты мобильді байланыс және теледидар сынды негізгі платформаларда ұсынылады. Қаржылық еркіндікке жетелейтін пайдалы контент пен экономика, бизнес жаңалықтары, білім беру және әлеуметтік маңызы бар мазмұнды қамтиды. Компания құрылымына «Atamekеn Business» телеарнасы және «Inbusiness.kz» ақпараттық агенттігі кіреді.

Біздің команда / Осында жұмыс істейді

Жұмыс істеген жылдар бойы қалыптасқан кәсіби команда – компаниямыздың аса маңызды капиталы. Мамандарымыздың тәжірибесі, білімі мен күш-қуаты — бұқаралық ақпарат құралдары нарығы тәрізді күрделі де, серпінді нарықта қызмет ететін компания табысының кепілі.

Жұмыс іздеу / Бізде жұмыс істегіңіз келе ме?

Егер теледидар тағдырыңыз екеніне сенімді болсаңыз әрі осы телеарнада жұмыс істеуді армандасаңыз, мүмкін емес нәрсе жоқ! Жұмысқа келіңіз! Біз шығармашылық және техникалық салада өз ісіне құштар мамандарды іздейміз.

Тағылымдама / Алғашқы мансап

Егер сіз кәсіби мамандармен иық тіресіп жұмыс істеуді қалайтын жас маман болсаңыз, қатарымызға қосылыңыз. Алған теориялық біліміңізді кәсіби қызметтегі тәжірибеде қолдана аласыз.