МЕДИАХОЛДИНГ «ATAMEKЕN BUSINESS» - бизнес жайлы әрі бизнеске арналған бірегей БАҚ. Интернет, кеңжолақты мобильді байланыс және теледидар сынды негізгі платформаларда ұсынылады. Қаржылық еркіндікке жетелейтін пайдалы контент пен экономика, бизнес жаңалықтары, білім беру және әлеуметтік маңызы бар мазмұнды қамтиды. Компания құрылымына «Atamekеn Business» телеарнасы және «Inbusiness.kz» ақпараттық агенттігі кіреді.
Тарихы
«Atamekеn Business» телеарнасының негізі 2016 жылдың мамыр айында қаланды. Сол жылдың 1 желтоқсанынан бастап арна ОТАУ ТВ, Alma TV, ID TV және басқа да спутниктік желілер арқылы тәулік бойы аптасына жеті күн хабар тарата бастады. Ал 2019 жылдан бастап еліміздің 8 аймағында цифрлық телехабар таратудың жер үсті эфирлік пакетінде (DTV) тегін көрсетіле бастады. DTV хабар таратуы 2021 жылы бүкіл елді қамтымақ. Осылайша, бүгінгі күні телеарна барлық дерлік кабельдік және спутниктік желілерде, цифрлық жер үсті, кең жолақты мобильді және интернет хабар тарату көздерінде ұсынылған. 2020 жылдың мамыр айында Қырғызстанның ең ірі кабельдік желілерінде хабар тарату іске қосылды.
Мақсатты аудитория
Халықтың әлеуметтік белсенді тобы: шағын, орта және ірі бизнес өкілдері, коммерциялық және мемлекеттік компаниялар басшылары, инвесторлар, сарапшылар мен бейіндік мамандар, жеке кәсібін құруға дайын студенттер мен өзін-өзі жұмыспен қамтушылар. Жаһандық және отандық экономикадағы соңғы жаңалықтар мен үдерістерден хабардар болғысы келетін талапты да, позитивті адамдар.
Миссия
Кәсіпкерлікпен айналысуға және қаржылық еркіндікке қол жеткізуіне қазақстандықтарды ынталандыру.
Мақсат
Кәсіби іскерлік ақпарат ұсыну және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру