Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Сенат кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін Серік Жарасбаев футболдан премьер-лигада 14 команданың ішінде 325 спортшы ойнағанын айтты. Оның ішінде 149-ы легионерлер еді.
Оның сөзінше, 2020 жылы футбол және хоккей клубтары үшін лимит белгіленген. Оған сәйкес, футбол және хоккей клубтары үшін 1,2 млрд теңге болса, қалған ойын командалары үшін 450 млн теңге болды.
"2024 жылдың қорытындысы бойынша премьер-лигада ойнайтын 14 клубқа, жалпы барлық футбол клубтарына 30 млрд теңгеге дейін қаражат бөлінді. Яғни, осы 30 миллиардтай үнемделеді деп жоспарлап отырмыз", - деді ол.
Жаңа заңның қабылдануымен легионерлер енді мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмайды. Клубтар оларды демеушілердің қаражатына ғана тарта алады, деді вице-министр.