Шақалақ Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы тұрғын үйлердің терезесінің алдынан табылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Баланы таңертеңгі уақытта сағат 09:30 шамасында тұрғындардың бірі байқаған.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті аталған деректі растап, баланың анасы іздестіріліп жатқанын хабарлады.
"Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Анасы іздестіріліп жатыр. Сәби перзентханада жатыр", - делінген полиция таратқан хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу