Нұрқанат Ғайыпбаев Шерзат ісіндегі екі қызға қатысты ел естімеген деректерді айтып кеткен

Бүгін Шерзат өліміне байланысты сот процесінің бірінші бөлімінде оның жауаптарын мемлекеттік айыптаушы оқыған еді. 

Нұрқанат Ғайыпбаев Шерзат ісіндегі екі қызға қатысты ел естімеген деректерді айтып кеткен Фото: BES.media

Нұрқанат Ғайыпбаев тергеу кезінде екі қыздың бірінің күдіктіге пышақ бергенін көрген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, төбелес кезінде бір қыз Қаржаубай Нұрымовты дүкеннен шығармауға әрекет жасаған, ал екіншісі сотталушының біріне пышақ алып беру арқылы көмектескен.

Прокурор Нұқанат Ғайыпбаевтың тергеудегі жауабын қаз қалпында оқып берді. "Сұрақ" және "Жауап" деп кезек-кезек оқыған сәтінде екі қыздың іс-әрекетін тергеу барысында сұраған.

– Оқиға орнында екі қыздың іс-әрекеттерін айтып беріңізші. Қолынан бірдеңе көрдіңіз бе?

– Осы екі қыз Қаржаубайдың дүкеннен шығуына кедергі келтірді. Осы екі қыздың біреуі мерседес маркалы көліктің артқы сол жақ есігін ашып, бір жылтыр нәрсені алып беріп жатқанын көрдім. Ал ол адам менімен төбелесейін деп жатқан Нұрқиясқа пышақ берді. Сол кезде Нұрқиястың қолында пышақ пайда болды. Басқа іс-әрекеттерін байқаған жоқпын, – деп жауап берген Шерзат Полаттың марқұм ағасы. Ол содан соң оқиғаны былайша жалғастырады.

– Нұрқияс маған пышақ сермеді. Осы уақытта Шерзат қайдан пайда болғанын білмеймін, ол Абзалды ұрып жіберіп, ол ары қарай шегінді. Маған он шақты бала жүгіріп, Шерзат маған келіп, "қашайықшы" деді. Сол кезде төбелес басталды, – деген ол жауабында.

Бұған дейін сотта марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың тергеудегі бейнежазбасы көрсетілгенін жариялаған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу