Шерзат ісінде сотталушылардың қорғаушылары прокурорды ауыстыруды сұрады

435

Судья бұл өтінішті қанағаттандырмады.  

Шерзат ісінде сотталушылардың қорғаушылары прокурорды ауыстыруды сұрады Фото: Видеодан скриншот

Талдықорған қаласында марқұм Шерзат Полаттың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Айыпталушы тараптың қорғаушылары соттан прокурорды ауыстыруды сұрады. Судья олардың өтінішін қанағаттандырған жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекеттік айыптаушы істі тек бір ғана айыптау сарынында жүргізіп жатыр. Осыны ескеруіңізді сұраймын", - деді сотталушының адвокаты.

Айыпталушы тараптың қорғаушылары қарсылықты қолдады.

"Құрметті сот, мен де әріптестерімді қолдаймын. Қарсылық білдіремін. Прокурор қатты эмоцияға беріліп кетіп жатыр", - деді адвокаттар.

Жәбірленуші тараптың адвокаттары бұл өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуды сұрады.

"Прокурорға қарсылық білдіруге негіздер Қылмыстық-процестік кодекстің 87, 88-баптарында көрсетілген. Барлық қорғаушылардың айтып тұрған негіздері қарастырылмаған. Сол үшін бұны негізсіз деп санаймын. Мен қарсымын, құрметті сот. Сол үшін өтінішхатты қанағаттандыруды бас тартуыңызды сұраймын", - деді прокурор Дана Сәрсенбай.

Судья Ержан Жанұзақов кеңесу бөлмесінен келіп, шешімді оқыды. Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай ауыспайтыны белгілі болды.

"Адвокат Ержановтың мемлекеттік айыптаушы Сәрсенбайға қарсылық білдіру туралы өтінішхаты қанағаттандырылудан бас тартылсын", - деді судья.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу