"Шок жағдайда жүрдім": Сотталушы Дархан Әскентай оқиға туралы өз нұсқасын айтты

576

Сот отырысы онлайн көрсетіліп жатыр. 

"Шок жағдайда жүрдім": Сотталушы Дархан Әскентай оқиға туралы өз нұсқасын айтты Фото: Бейнежазбадан

Талдықорған қаласында марқұм Шерзат Полаттың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сотталушының бірі Дархан Әскентайдан жауап алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Бұған дейін қорғаушыңызға Шерзаттың қолында кастет болды деп айттым дедіңіз. Басында бізді 24 сағат аудандық полиция бөлімінде ұстап, көзіме жарақат болғаны үшін мен айта алмадым дедіңіз. Алайда тергеу барысында сізден 6 рет жеке жауап алынған, 1 рет айғақтарды нақтылған, 3 рет беттестіру болған. Яғни, жалпы 10 рет сізден жауап алынған. Неге сол он реттің біреуінде де сіз айтпадыңыз?", - деді мемлекеттік айыптаушы  Дана Сәрсенбай. 

"Ойымды жинақтап айтуға рұқсат берген жоқ. Сол кезде есіме түскенді ғана айттым. Бізді сол күні ұстап әкелген кезде телефонға да түсірді, тасымаған жерлері жоқ", - деді сотталушы Дархан Әскентай.

Сотталушының осыған дейінгі жауаптарының бірде-біреуінде марқұм Шерзат Полаттың қолында кастет болғаны айтылмаған.

"Сот отырысына келген кезде ғана есіңізге түсе ме?" деп нақтылады мемлекеттік айыптаушы.

"Мен шок жағдайда жүрдім. (...) Бір жағынан мен шошығаннан кейін көп нәрсені айта алмадым. Ойымды жинақтай алмадым", - деп қысқа қайырды сотталушы Дархан Әскентай.

Айта кету керек, осыған дейін Дархан Әскентай Шерзаттың өзін не үшін ұрғанын айтып бергенін жазған болатынбыз. Сотталушы Қаржаубай Нұрымовтың сөзін жоққа шығарды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу