Шерзаттың өліміне қатысты істе басты куәгер әйел жауапкершілікке тартылуы мүмкін

1131

Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша басты куәгер саналатын Эльмира Нұрбекованың сотта жағдайы күрт нашарлап, оны ауруханаға жеткізуге рұқсат берілді. 

Шерзаттың өліміне қатысты істе басты куәгер әйел жауапкершілікке тартылуы мүмкін Фото: бейнежазбадан

Оның адвокаты қорғауындағы адамның денсаулығының нашарлағанын айтып, соттан жедел түрде медициналық көмек көрсетуге сұраныс жасаған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Эльмира Нұрбекова 2 күн бойы жауап берді. Алайда сот барысында оның бұрынғы тергеу кезіндегі көрсеткен айғақтарымен соттағы жауабы арасында қайшылықтар бары анықталды.

Мәселен, тергеу кезінде Эльмира Нұрбекова айыпталушының қолында қаруға ұқсас затты көргенін айтса, сотта мұндай деректі жоққа шығарды.

Жәбірленуші тараптың қорғаушысы Мейірман Шекеевтің айтуынша, куәгерге қатысты Қылмыстық кодекстің 420-бабы бойынша ("Көрінеу жалған айғақтар беру") қылмыстық іс қозғалу ықтималдығы бар.

– Біз сот процесі аяқталғаннан кейін немесе үкім шыққан соң тиісті өтініш береміз. Сот оның әрекетіне қатысты шара қолдануы мүмкін, – деді адвокат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу