Дональд Трамп Truth Social платформасындағы жазбасында канадалықтарды АҚШ-қа қосылған жағдайда қандай жеңілдіктер күтіп тұрғанын егжей-тегжейлі сипаттады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Егер Канада Америка Құрама Штаттарының 51-ші штатына айналса, салықтарыңызды екі есе қысқартуға, әскери күшіңізді тегін – әлемдегі ең жоғары деңгейге көтеруге күші мен даналығы жететін адамды сайлаңыз. Канада АҚШ-тың 51-ші штатына айналатын болса, автомобиль, болат, алюминий, ағаш, энергетикаңыз сондай-ақ басқа салалар төрт есеге көбейеді, – деп жазды Трамп.
Президент Канада Америка Құрама Штаттарының құрамына кірмесе, оны "жылына жүздеген миллиард доллармен субсидиялаудың" еш мәні жоқ екенін атап өтті.
Трамптың мәлімдемесі Канадада сәуірдің 28-і күні басталған кезектен тыс парламент сайлауы аясында жасалды. Дауыс беруге 16 партия қатысып жатыр, ал жеңіске жеткен саяси күштің көшбасшысы елдің жаңа премьер-министрі болады.