Күдікті Руслан Берденовке қарата 3 оқ атқан, оның екеуі дарыған. Өмірлік маңызды жерлеріне зақым келмеген.
"Ол операция үстелінде", – деді партияласы Бейбіт Әлібеков.
Жағдайға байланысты Шымкент қалалық Полиция департаменті пікір білдірді.
"21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының жанында атыс қаруын қолдану фактісі орын алды. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Осы қылмысты жасады деген күдікті ұсталып, қамауға алынды", – делінген хабарламада.
Қылмыстық іс қозғалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу