"Титаник" апатынан аман қалған жолаушының хаты рекордтық бағаға сатылды

150

Ұлыбританияда "Титаник" апатынан аман қалған жолаушының хаты бәссаудаға шығарылды.    

"Титаник" апатынан аман қалған жолаушының хаты рекордтық бағаға сатылды Фото: bbc.com

Хаттың құны 400 мың долларға бағаланды, деп жазады inbusiness.kz сайты BBC-ге cілтеме жасап.

Полковник Арчибальд Грейс хатты 1912 жылы 10 сәуірде әйгілі лайнерге бірінші мінген күні жазған. Жолаушы жазбаларында кеме туралы алғашқы әсерімен бөліскен.

Бұл бірінші класты хат кемедегі C51 каютасынан жазылған. Ол 1912 жылдың 11 сәуірінде кеме Ирландияның Куинстаун портына тоқтағанда жолданған. Хатта 12 сәуірдегі Лондон поштасының мөрі бар.

Хаттың бастапқы болжамды бағасы 60 000 фунт болса, түпкілікті бағасы бес есе жоғары. Осылайша, тарихи құжат бастапқы құнынан 5 есе қымбатқа саудаланды. 

Айта кетейік, "Титаник" кемесімен байланысты жазылған хаттардың ешқайсысы мұндай қомақты ақшаға сатылған емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу