Үндістан Пәкістанға су беруді уақытша тоқтатты

435

Үндістан Чинаб өзеніндегі Баглихар бөгетін жауып тастап, Пәкістанға су беруді уақытша тоқтатты.  

Үндістан Пәкістанға су беруді уақытша тоқтатты Фото: Reuters

Сонымен қатар алдағы уақытта Нью-Дели Джелам өзеніне де қатысты осындай шешім қабылдайтынын ескертті, деп жазады inbusiness.kz сайты Hindustantimes-ке сілтеме жасап.

Бір апталық талқылаулар мен гидрологиялық сынақтардан кейін Үндістан Баглихар бөгетінде тұнбадан тазарту жұмыстарын жүргізіп, шлюздерді түсіріп Пәкістанға ағынды 90%-ға дейін қысқартты.

Қазір екі ел арасындағы жағдай ушығып тұр. 2 апта бұрын шекаралас аймақта лаңкестік болған. Үндістан шабуылға Пәкістанды кінәлап отыр. Бірақ, екінші тарап бұл айыппен мүлдем келіспейді. Осыдан кейін Нью-Дели бір жақты тәртіпте 65 жыл бұрын қол қойылған келісімнен шығып кетті. Ол келісімде суды ортақ пайдалану туралы ереже бар. 

Пәкістан көрші елдің су беруді тоқтату әрекетін соғысқа теңейтінін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу