Садыр Жапаров келесі сайлауға қатысуды ойлап отыр

232

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров парламентті келесі сайлау ауыстыруға көндірді. 

Садыр Жапаров келесі сайлауға қатысуды ойлап отыр Фото: Азия Плюс

Кейбір бақылаушылардың ойынша, қырғыз лидері екінші мерзім үшін бақ сынауды ойластыра бастаған сыңайлы.

Жапаровтың сұрауы бойынша халық қалаулылары келесі президенттік сайлауды 2026 жылы қазанның 18-де емес, 2027 жылы қаңтардың 27-де өткізу туралы заңды қабылдады. Бұның нәтижесінде Жапаровтың президенттік өкілеттігіне тура 6 жыл толады.  

Сарапшылардың болжамынша, мемлекет басшысы осы өзгеріс арқылы қызметін әрі қарай жалғастыруға ниетті екенін білдіріп отыр.

Егер қайта сайлауға түсіп, жеңіске жететін болса, 56 жастағы Жапаров Қырғызстанның соңғы жиырма жылдағы екінші мерзімге қалған алғашқы президент атанады. Елді ұзақ басқарған Асқар Ақаев үкіметі 2005 жылы құлағаннан кейін Қырғызстанда тағы екі мемлекет басшысы революция нәтижесінде биліктен аластатылды.

"Ол бұл турасында өзі ештеңе айтқан жоқ, бірақ заң бойынша және елдегі жағдайға қарап, екінші мерзім үшін сайлауға түсуге болатын тәрізді. Командасындағы кейбіреулер Жапаровтың мұндай шешімді күтіп отыр", - дейді саясаттанушы Эмиль Джураев "Рейтер" агенттігіне берген сұқбатында.

2017-2020 жылдары оппозциялық саясаткер ретінде түрмеде отырған Жапаров сайлау нәтижесіне қарсы шерулердің екпінімен республика басшылығына келді. Ол 2021 жылы қаңтарда мерзімінен бұрын өткен президент сайлауында жеңіске жеткені белгілі.

Содан кейін Қырғызстанның бір кездердегі тұрақсыз саяси сахнасын қатаң бақылауына алды. Бұл мақсатқа жетер жолда ол Орталық Азиядағы ең ірі алтын кеніштерінің бірі "Құмторды" мемлекет қарамағына алу тәрізді тәсілдерді қолданды. Ал биыл Жапаров көршілес Тәжікстанмен ұзақжылдық жанжалға нүкте қою үшін шекара туралы келісімге қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу