Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, марқұмдар 1981 және 1991 жылы туған ер адамдар.
"Олар 1 сәуірде балық аулау үшін Каспий теңізі бағытына "Новинск" каналы арқылы катермен шығып, содан кейін олармен байланыс үзілген. Іздеу жұмыстары бірнеше күн бойы жүргізілді, 3 сәуірде "Каспий таңы" өндірістік кооперативінің қызметкерлері балықшылардың денелерін жағадан 70 шақырым қашықтықтан тапты, – деді Атырау облыстық ТЖД.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу