Ол оқиға болған күні Шерзаттың немере ағасы, кейінен марқұм болған Нұрқанат Ғайыпбаевтан жауап алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Медет Әділжан сот барысында оқиғаның қалай өрбігені туралы айтып берді.
– Жедел кезекшіден оқиға туралы хабарлама түсті. Сол бойынша, аудандық полиция басқармасына бардым. Іс бой ынша әрбір қызметкерге тапсырма бердім. Полиция басқармасынан оқиға болған жерге бардым. Істің мән-жайын біліп, белгіленген жұмыс бойынша жұмыс істедік. Сол кезде бір жәбірленушінің аудандық ауруханаға түскені туралы хабарлама болды. Өзіммен жедел уәкілді алып, ауруханаға барған кезде бейнетаспада көрген мағлұматтарды алдық. Азамат Нұрқанат Ғайыппаевпен сұхбаттастық. Бізде бірнеша адамның суреті болды, "тани аласың ба?" деп сұраған кезде азамат Ғайыпбаев "тани аламын" деді. Нақты "мына адам мені, мына адам Шерзатты пышақтаған" деп көрсетті, – деді ол.
Сол уақытта сот Ержан Жанұзақов "нақты кімді көрсетті?" деп сұрақ қойды.
– Нақты Нұрқанат Ғайыпбаев Шерзатты Абзал Шынасыл, өзін Азамат Тоқтабаев пышақтады деп солардың суреттерін көрсетті, – деді Медет Әділжан.
Айыпталушы тарап полиция қызметкеріне мылтық туралы сұрақты бағыттады. Адвокаттың "Ғайыпбаев мылтықты кім алып келді" деп айтты?" дегеніне Медет Әділжанов "Ғайыпбаев мылтықты Шерзат інім алып келді" деп айтты" деп жауап берген.
Осыған дейін сотталушылардың бірі сотқа куәгер ретінде шақырылған Медет Әділжанға сұрақ қойғанын жазған болатынбыз.