Талдықорған қаласында марқұм Шерзат Полаттың ісі бойынша сот отырысында куәгерлерден жауап алыну жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сейсенбі күні куә Медет Әділжан бірінші болып жауап берді. Ол Талғар аудандық полиция басқармасында криминалдық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарады.
Айыпталушы Азамат Тоқтаубаев куәге сұрақ қойды.
"2024 жылы бізді қалай ұстады? Патрульдік полиция алып келді ме, әлде ертеңінде "Арлан" ұстап әкелді ме? Соны нақтылап айтып берсеңіз. Себебі әлеуметтік желіде бізді "Арлан" ұстады деп, машинадан түсіріп, кино түсіріп, үйден алып шығып, сондай болып еді", - деді сотталушы.
"Жедел іздестіру шарасына өз басым қатысқан жоқпын. Өйткені мен басқа бағыт бойынша жұмыс атқардым. Ол жағын білмеймін", - деді куә Медет Әділжан.