Вот и пришло время подводить итоги. Народный рейтинг банков по версии читателей информационного агентства inbusiness.kz, приуроченный к празднованию национальной валюты – тенге – можно считать состоявшимся. Мы постарались создать максимально простые и объективные правила голосования для читателей, поделив опрос на 10 номинаций. Это, по замыслу, позволит определить лучших игроков банковского сектора по различным направлениям, а участникам получить обратную связь, которую они использую для повышения качества своих услуг.
Ниже, мы представляем ТОП-3 финалистов рейтинга банков по 10-ти номинациям. Опыт рейтингования банков вызвал большой интерес со стороны читательской аудитории. Заряд, полученный за это время, вдохновил команду inbusiness.kz продолжать проводить аналогичные рейтинги по другим отраслям экономики и их ключевыми игроками. До скорых встреч, дорогие читатели inbusiness.kz!
Салауатты, әрі өсіп келе жатқан бизнес кез келген мемлекеттің өркендеуі мен гүлденуінің кепілі. Сонымен қатар, банк жүйесі экономиканың тірегі бола отырып, ел бизнесінің әл-ауқатының маңызды діңгегі іспетті. Бұл номинация банк ойыншыларының қайсысы өздерінің корпоративті клиенттері үшін ең жақсы сервис, тауарлар мен қызметтерді ұсынатындығын анықтауға арналған.
Даму барысында бизнес түрлі сәтсіздіктер мен қателіктерге немесе кемшіліктерге тап болады. Осындай олқылықтар салдарын тұтынушылар да сезеді. Банктің клиенттерін тыңдай білуі мен түсінуі – олардың басты құндылықтарын сақтай отырып, ұзақ жылдарға ниеттес болып қалуының негізгі факторлардың бірі. Сондықтан да бұл номинацияда біз оқырмандарымыздан клиенттерге бағытталған банкті анықтауын сұраймыз.
Жан-жақты цифрландыру дәуірінде көптеген операциялар қашықтан да қол жетімді, әрі қызмет көрсету тұрғысынан да ыңғайлы. Онлайн режимінде ақшалай салым салып, валюта ауыстыра аласыз, несие рәсімдеп, сауда жасауға болады. Оқырмандарымызға осы номинация бойынша мобильді банкі ұсынатын қызметтері аса ыңғайлы деген банкті таңдауға шақырамыз.
Жинақтау мәдениеті – қаржылық тәуелсіздік пен материалдық әл-ауқаттың маңызды қағидаттарының бірі. Сонымен қатар, банктік депозит – сақтандыру жүйесі аясында табыстылыққа кепілдік беретін қол жетімді құрал. Бұл номинация жинақтағы ақшаны көбейту жағынан ең тиімді банкті таңдауды ұсынады.
Банк ісі де кез келген бизнес сияқты, ең алдымен серіктестер мен клиенттер арасындағы сенімге негізделеді. Алайда, ақша мәселесінде сенім деңгейі тек қаржылық көрсеткіштерге ғана емес, сонымен қатар басқарушылардың жеке басына да назар аударатын ерекше мәнге ие болады. «Сапалы басқару» номинациясы оқырмандардың пікірі бойынша құзіреттілік пен этика тұрғысынан көңілге көбірек сенім ұялататын, жылы жүзді банк ойыншысын анықтауға арналған.
Экономикалық дамудың қиын кезеңінде әдетте клиенттер үшін ең бастысы дереу пайда табу емес, сенімді қаржылық серіктес. Өйткені тұрақты жұмыс істеу – маңызды экономикалық көрсеткіш. Номинация банк секторы ойыншыларының клиенттері тарапынан сенімділік пен тұрақтылық тұрғысынан ең салмақты банкті анықтауға арналған.
Әр адам күнделікті өмірінде банктермен байланыс орнатуға мәжбүр. Банктер – бүкіл ел мен өңірлер деңгейінде қызмет ететін қаржылық, төлем және инвестициялық агент. Солардың арасында қарапайым халыққа ыңғайлы, инновациялық және пайдалы өнімдер ұсынып, отандастарымыздың өмірін жақсартатындары да бар.
Банк – жинақтар мен валюта айырбастаудан бастап, төлем карточкалары мен сейфтік ұяшықтарға дейін ауқымды қызмет түрлерін ұсынатын көп салалы қаржылық делдал. Бұл номинацияда барлық факторлар мен параметрлер негізге алына отырып, ашық дауыс беру арқылы үздік банк анықталады.
Баспаналы болу – тұрақтылықтың кепілі ғана емес, сонымен қатар әлемдегі көптеген адамдар үшін болашаққа деген сенімді білдіреді. Тұрғын үй сатып алу құралдарының бірі – ипотека. Ипотеканың негізгі параметрлері ретінде алдын-ала төлем шарттарын, пайыздық мөлшерлемесін және несиелеу мерзімін айтуға болады. Бұл номинация банк ойыншыларының қайсысы ипотекалық несиелеудің ең қолайлы шарттарын ұсына отырып, қызмет көрсетуде жоғары сапа мен жылдамдыққа ие екендігін анықтайды.
Күнделікті өмірімізге дендеп енген қаржылық өнімдерсіз қазіргі заманды елестету қиын. Бұл номинацияда бүгінгі таңда банктердің қайсысы отандық нарықта салымдар мен депозиттерден бастап, тиімді төлем карточкалары мен алтын құймаларына дейінгі ең ауқымды, саналуан, әрі тиімді қаржылық өнімдерді ұсынатындығын анықтауға тырысамыз.