Дауыс беруге бөлінген уақыт тез өтіп кетті. Ал inbusiness.kz редакциясы оқырмандар ұсынған нұсқа бойынша рейтинг нәтижелерін шығарды. Төменде барлық номинация бойынша банк рейтингінің үздік үш финалистін ұсынамыз. Жақында редакция жаңа рейтинг жариялайды. Көріскенше күн жақсы болсын, құрметті inbusiness.kz оқырмандары!
Экономиканың дамуы үшін үкімет пен бизнестің өзара әрекет етуі, олардың сындарлы диалог құра білуі өте маңызды. Жариялық, қолжетімдік және тараптардың өз міндеттемелерін кіршіксіз атқаруы келешекте өңірдің өркендеуінің кепілі болады. Қолайлы инвестициялық климат пен іскерлік ортаның көркеюі нәтижесінде бизнестің дамуы – аймақ экономикасына жетістік әкеледі. Әкімнің бизнес қауымдастықпен байланысы қандай, кәсіпкерлердің проблемаларын түсініп, көмек қолын созуға дайын ба?
Қазіргі заман биліктің ашық болуын міндеттеп отыр. Проблемаларды айтпай кетуге және шешпей қалдыруға болмайды. Әкімдерге ыңғайсыз сұрақтар қою қалыпты үрдіске айналуы тиіс. Бұл билік пен қоғам арасындағы сенімді дамытуға ықпал етеді. Әкіміңіз әркімге ашық па, әлде сұрақтарға жауап беруден бас тарта ма? Ол қандай байланыс арналарын қолданады және жергілікті қоғамдастықтың мүддесіне қаншалықты адал?
Бұл номинацияда жолдардың сапасына, жергілікті коммуналдық қызметтердің жұмысына, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне және облыс тұрғындарының шағымдары мен талаптарына уақытылы әрі белсенді жауап беруіне қатысты мәселелердің кең ауқымын біріктіруге тырыстық. Әкім қоғамның негізгі талаптарын қанағаттандыру тұрғысында осы тиімділік критерийлеріне қаншалықты сәйкес келеді?
Маусым-шілде айларында көптеген адамның өмірін қиған оқиғалар денсаулық сақтау жүйесінің дайындық деңгейін ғана емес, сонымен қатар медицина саласының жұмысын ұйымдастыра білуін көрсетті. Бұл тұрғыда жақсы жұмыс істеген әкім мен ең нашар әрекет еткен әкімге баға беріңіз.
Адал әкімдер аймақтағы парақорлық фактілерінің жолын кеседі. Әкім мен оның төңірегіндегілер бұл тапсырманы қаншалықты жақсы орындауда? Шенділер жергілікті жерде қалай әрекет етіп отыр?
Өмір сүру деңгейінің өсуіне негізгі қажеттіліктерді қанағаттандырумен қатар, өмір сүру сапасы да зор ықпал етеді. Бұл мәселеге адамдардың өз дағдысына сәйкес лайықты жалақы төленетін жұмысының болуы жатады. Сонымен қатар, еңбек нарығындағы жағдайдың жақсаруы мен аймаққа қажетті жұмыс күшін қайта даярлау шараларының жүргізілуі, тұрғын үй алуға қол жетімділікті арттыру және азаматтардың қабілетін іске жарата білуі де кіреді. Қай аймақтың басшылығы тұрғындарының жұмыс істеуіне және қабілетін пайдалануын дамыту үшін жақсы жағдай жасап жатыр?
Соңғы жылдары азаматтар ауа мен қардың ластануына, қоқыстың шашылуына, жануарлар мен құстардың қырылуына, ағаштардың заңсыз кесілуіне жиі шағымдана бастады. Әкімнің экологиялық проблемаларға деген көзқарасы қалай? Жергілікті тұрғындардың шағымдарын ескеріп, шара қолданып жатыр ма?
Елдің экспорттық кірістерінің төмендеуі және дағдарысқа қарсы шаралар халықтың әл-ауқатына кері әсер етті. Қылмыстың өсуіне әкеп соғатын тәуекелдер де жоқ емес. Құқықтық статистикаға көз жүгіртсек, елде ауыр және аса ауыр қылмыстың едәуір өскенін байқаймыз. Бұл құқық қорғау органдары мен сот жүйесінің сапалы жұмыс істеуін ерекше талап етеді. Қауіпсіздік деңгейінің жоғары болуы – қоғамның қалыпты өмір сүруінің алғышарты. Ал оқырманның міндеті – қай өңірден үлгі алуға болатынын және қай өлкеде жағдай нашар екенін көрсету.