Jetour көлігін тізгіндеген жүргізуші Байзақов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, белгіленбеген жерде жолдан өткен 7 жасар баланы қағып кетті.
"Соққы әсерінен бала қарама-қарсы бағытта келе жатқан Hyundai көлігіне соқтығысты. Өкінішке қарай, бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", – делінген хабарламада.
Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша (ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі) қылмыстық іс қозғалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу