Ердоған Ыстамбұл орталығындағы жарылысты теракт деп атады

1698

Ыстамбұлдағы жарылыстан қаза тапқандар саны 6-ға жетіп, 53 адам жараланды.

Ердоған Ыстамбұл орталығындағы жарылысты теракт деп атады

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған болған оқиғаны террорлық шабуыл деп атады.

"Түркия мен түрік халқын терроризм арқылы бағындыру әрекеттері бүгін де, ертең де мақсатына жете алмайды", – деді ол.

Жарылыстан кейін полиция Истикляль көшесіндегі тұрғындарды эвакуациялады. Осы маңдағы Таксим мешіті де жабылды. Тікұшақ әуе қауіпсіздігін тексеріп жатыр.

Ыстамбұл бас прокуратурасы жарылысқа қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Жарылысқа қатысты барлық бейне және аудио жаңалықтарды таратуға тыйым салынды.

Алынған мәлімет бойынша, Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мен Әділет министрі Бекир Боздаг Стамбулға кеткені белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу