22 қыркүйекке қараған түні Ресей мен Украина тұтқындармен алмасу операциясын жүргізді
Украина Ресейге саясаткер Виктор Медведчукты, сондай-ақ елуден астам ресейлік әскери қызметшілерді берді. Өз кезегінде Мәскеу Киевке 200-ден астам украиналық әскери тұтқындарды, соның ішінде мариупольдық "Азовсталь" зауытын қорғаған жауынгерлер мен командирлерді тапсырды.
Украина билігі Владимир Зеленскийдің Украина Президенті Кеңсесінің басшысы Андрей Ермакпен кездесуі барысында тұтқындармен алмасу жүргізілгені расталды.
Ресейлік БАҚ Украина 55 ресейлік әскери тұтқындарды, сондай-ақ Украинада опасыздық жасады деп айыпталған "Оппозиционная платформа – За жизнь" жетекшілерінің бірі Виктор Медведчукты босатқанын хабарлады.
Өз кезегінде Ресей 215 украин әскерін, оның ішінде 124 офицерді тапсырды. Босатылғандардың жартысына жуығы "Азовсталь" зауытын қорғауға қатысты: олардың арасында "Азов" командирлері Денис Прокопенко мен Святослав Паламар, сондай-ақ зауыт қорғаушыларын суретке түсірумен танымал болған "Азов" жауынгері Дмитрий Козацкий бар.
Украина президенті Азов командирлерін босату Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның ұйымдастыруымен жүргізілгенін айтты. Тараптар босатылған адамдар соғыс аяқталғанға дейін Түркия аумағында болады деп келісті.
Сондай-ақ, сәрсенбіде Ресей Украинада тұтқынға алған он шетелдік азаматты босатқаны белгілі болды. Олардың ішінде екі американдық (39 жастағы Александр Досе және 27 жастағы Энди Хьюн), Британдық Айден Эслин, сонымен қатар хорват, мароккалық және Швеция азаматы бар.
Аталмыш операция Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салманның бастамасымен өтті, деп хабарлады Сауд Арабиясының СІМ.
Динара Мұрат