Сингапур премьерімен өткен баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирил Рамафоса екі ел басшылары Африка әлемі ұсынған бейбітшілік жоспарын қарастыруға келіскенін айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Замбия, Сенегал, Конго, Уганда, Египет пен Оңтүстік Африка атынан келіссөздер жүргізген Сирил Рамафоса Владимир Путин мен Владимир Зеленскийге өткен демалыс күндері телефон шалып, бейбітшілік миссиясын ұсынған.
Республика президентінің айтуынша, келіссөздер нәтижелі болды, екі елдің басшылары Мәскеуде де, Киевте де Африка мемлекеттерінің басшылары мен лауазымды тұлғаларын қабылдауға келісті.
"Мен Президент Путинмен де, Президент Зеленскиймен де Африка мемлекеттерінің басшыларымен өзара кездесулерге дайындықты бастауға келістім. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы бұл бастама жайында хабардар және біздің әркетемізді құптап отыр", - деді Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирил Рамафоса.
Африка елдерінің Украинадағы соғысқа қатыста мұндай алаңдаушылық білдіруі жайдан-жай емес.
"Африка Украинадағы дағдарысқа қатысты қатты алаңдаушылық білдіреді, себебі соғыс қимылдары Африка елдеріне тікелей кері әсерін тигізіп, азық-түлік пен жанармай бағасының өсуіне себеп болып отыр", - деп түсіндірді Рамафоса.