Абай Алтай

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары

8441
Абай Алтай

Абай Алтай 1991 жылы 17 қаңтарда дүниеге келген.

Білімі:

2011 жылы - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2013 жылы – Ұлыбританияның Кардифф университетін бітірген, аймақтану, іскерлік әкімшілік.

Еңбек өтілі:

«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК аккредитация орталығының маманы, ҚР Парламенті Сенаты Төрағасы орынбасарының көмекшісі, ҚР Парламенті Сенатының Аппаратында бас сарапшы, парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты, ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының көмекшісі, Сенаты Төрағасы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, Сенаттың Халықаралық ынтымақтастық және хаттама бөлімінің бас консультанты, ҚР Президенті Протокол қызметінде консультант, инспектор, сектор меңгерушісі, ҚР Президенті Іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған.

2023 жылғы 7 маусымда Мемлекет басшысының өкімімен ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу