Әбдібеков Нұрмұхамбет Қанапиұлы
Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының бірінші орынбасары
4746 22.08.19, 15:50
Нұрмұхамбет Әбдібеков 21 желтоқсанда дүниеге келген. .
Білімі:
1984 ж. – Мәскеу тау-кен институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген.
1993 ж.– Мәскеу тау-кен институтының аспирантурасын бітірген.
Еңбек жолы:
1984-1986 жж. – Шилісай фосфор кенішінің тау-кен цехында ауысым шебері.
1986-1987 жж. –Шилісай фосфор кенішінің тау-кен цехы учаскесі басшысының иміндетін атқарушы.
1987-1989 жж. - Шилісай фосфор кенішінің тау-кен цехы учаскесінде тау-кен шебері.
1989-2009 жж. - Астана, Атырау, Ақтөбе қалаларындағы кәсіпорындар мен мемлекеттік органдарда әртүрлі қызмет атқарған.
1993-1995 жж. - ҚР Ұлттық ғылыми академиясының Батыс бөлімінің минералдық шикізатты кешенді пайдалану көлемін болжау зертханасы аға ғылыми қызметкері, Ақтөбе қаласы.
1995-1996 жж - Ақтөбе қаласындағы «Қайсаржан» ШЖК директорының орынбасары.
1996 жылы - облыстық өнеркәсіп және сауда басқармасының отын-энергетикалық кешенді дамыту және минералдық ресурстарды әзірлеу бөлімінің бастығы.
1997-1998 жж. - облыстық өнеркәсіп және сауда басқармасының сыртқы-экономикалық саясат және инвестициялар бөлімінің бастығы. Ақтөбе қаласы.
1998-2002 жж. - облыстық өнеркәсіп және сауда басқармасының экономика басқармасы бастығы.
2002-2003 жж. - Ақтөбе қаласы, облыстық өнеркәсіп және сауда басқармасының экономика департаментінің директоры.
2003 жылы Атырау облысы бойынша сауда индустриясы және шағын бизнесті қолдау департаменті директоры.
2003-2007 жж. - Атырау облысы экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасының бастығы.
2007-2009 жж. - Ақтөбе қаласы, «Батыс» ӘКК ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2009 ж. - ҚР ұлттық ғарылш агенттігінің ғарыш қызметін дамыту стратегиясы департаменті директоры, Астана қаласы
2009-2010 жж. – ҚР индустрия және сауда министрлігінің өнеркәсіп комитеті төрғасы, Астана қаласы.
2010 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі қызметіне тағайындалды.
2011-2014 жж. – Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2014-2017 жж. – Қарағанды облысы әкімі.
2017-2018 жж. - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы.
2018-2019 жж. – «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасы төрағасы.
2019 жылдың 22 тамызынан – Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының бірінші орынбасары.