Әбдіханов Қайрат Әлиханұлы
Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры
5442 16.05.23, 21:52
Қайрат Әлиханұлы Әбдіханов 1972 жылы туған.
Білімі:
1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік универститетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдады. 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 1996 жылғы сәуір айынан прокуратура органдарында Алматы облысы Талғар ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастады. Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Алматы қаласы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот қаулыларының және атқарушылық өндіріс заңдылығын қадағалу бөлімінің прокуроры, Алматы қаласы Түркісіб ауданы прокурорының аға көмекшісі, Алматы қаласы прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры болып қызмет атқарды.
2001 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының орынбасары, Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарының көмекшісі, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының көмекшісі, Алматы облысы Жамбыл ауданының прокуроры, Алматы облысы Талдықорған қаласының прокуроры лауазымдарын атқарды.
2009 жылы қазан айында Атырау облысы прокурорының орынбасары, 2010 жылғы қараша айында Қызылорда облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды.
2012 жылғы қыркүйек айында Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, 2016 жылғы наурыз айында Алматы облысы прокурорының орынбасары, 2017 жылғы наурыз айынан бастап Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасарының м.а. болды.
2017 жылғы шілде айында Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
2018 жылғы ақпан айынан бастап Павлодар облысының прокуроры.
2023 жылғы мамырдан Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры.