Әбдіқадыров Әлішер Елісұлы

 Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

30504
Әбдіқадыров Әлішер Елісұлы

Әбдіқадыров Әлішер Елісұлы Алматы қаласында дүниеге келген. 

Білімі:

М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің бакалавриаты мен магистратурасын тәмамдаған. Экономика магистрі.

Еңбек жолы:

2009-2010 жж. - Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігінің инвестициялық қызмет департаментінің инвестициялық жобаларды басқару сарапшысы.

2010-2011 жж. -  Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитетінің инвестициялық жобаларды басқару бас сарапшысы.

2011-2013 жж. -  Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитетінің инвестициялық жобаларды басқару жетекшісі.

2013-2014 жж. -  Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары.

2014 жылдың ақпан- қазаны - Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитет төрағасының орынбасары.

2014-2015 жж. - Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитет төрағасының орынбасары.

2015-2016 жж. - Павлодар облысы индустриялдық-инновациялық даму басқармасының жетекшісі.

2016 жылдың тамызы-2019 жылдың сәуірі – Астана қаласы әкімдігінің инвестициялар және даму басқармасының жетекшісі. 

2019 жылдың 17 сәуірінен - «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ басқарма төрағасы.

2020 жылдың 10 ақпанынан – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

 Мемлекеттік наградалары: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу